2015 жылғы 28 мамыр, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК Шекара қызметі) (Д.А. Ділманов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі Директорының міндетін уақытша атқарушы Д.А. Ділмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.ӘБІҚАЕВ.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 мамырдағы № 42 бұйрығына 1-қосымша
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығымен бекітілген «Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 11146) (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысы: Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерінің (іс-қимылдың) басталуына негіз мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті Стандарттың 9-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтығы:
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында келіп түскен күні тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен күні бөлімше қызметкерін анықтайды (бұдан әрі – орындаушы);
3) орындаушы өтінішті қарайды – 2 (екі) жұмыс күн мерзімінде, құжаттар толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 6-тармағына сәйкес қазақстандық кеменің капитаны (иесі) құрастырған кемелік рөлді (бұдан әрі - тізім) келісуге жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысының жобасын құруы және қалыптастыруы:
6) мемлекеттік органдардан келісілген тізілімдерді алған күні басшының мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысына қол қоюы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын жолдау және беру қол қойылған күні, қазақстандық кемелердің шығуы жоспарланған жауапкершілік учаскесінде бір жұмыс күні мерзімінде қазақстандық кеме тіркелген орында (теңіз порты, орналасу пункті) жүзеге асырылады.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) қорытындысы:
1) тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны анықтау;
3) тізімдер бойынша мемлекеттік органдардың қорытындысы;
4) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларының дайын жобасы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хат немесе хат-хабар алысу тізілімінде мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын алғандығы туралы белгі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері;
2) бөлім (бөлімше, топ) бастышы (бұдан әрі – бөлімше басшысы);
3) орындаушы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжат келіп түскен күні алған құжаттардың тіркелуін жүргізеді және бөлімше басшысына қарауға тапсырады, бұл ретте ол келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, өтінішке тіркеу мөртабанын қояды;
2) бөлімше басшысы құжат келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;
3) Қағиданың 6-тармағына сәйкес орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және аумақтық органдарға үш жұмыс күнінен кешіктірмей тізімдерді келісу үшін жолдайды.
4) аумақтық органдардан келісілген тізімдерді алған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларына қол қояды;
5) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары қол қойылған күні көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкерімен қолма-қол немесе пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жолданады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында, сондай-ақ ресми ақпараттар көзі мен көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша
Нысан
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 мамырдағы № 42 бұйрығына 2-қосымша
«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығымен бекітілген «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 11146) (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуына негіз мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті Стандарттың 9-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтығы:
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында келіп түскен күні тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен күні бөлімше қызметкерін анықтайды (бұдан әрі – орындаушы);
3) орындаушы құжаттарды алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішті қарайды, құжаттар толық болмаған жағдайда 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн мерзімінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысының жобасын құруы және қалыптастыруы;
5) басшының мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысына қол қоюы – 2 (екі) күнтізбелік күн мерзімінде;
6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдау немесе беру– 1 (бір) күнтізбелік күн.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болып табылады:
1) тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны анықтау;
3) өтініш бойынша орындаушының материалдарды қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету қотырындыларына қол қою;
4) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хат немесе хат-хабар алысу тізілімінде мемлекеттік қызмет көрсету қотырындыларын алғандығы туралы белгі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері;
2) бөлім (бөлімше, топ) басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы);
3) орындаушы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері құжат келіп түскен күні алған құжаттардың тіркелуін жүргізеді және бөлімше басшысына қарауға тапсырады, бұл ретте ол келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, өтінішке тіркеу мөртабанын қояды;
2) бөлімше басшысы құжат келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;
3) орындаушы құжаттарды қарастырады және жобаны әзірлейді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларының жобасын құрған күні мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларына қол қояды;
5) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары қол қойылған күні көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкерімен қолма-қол немесе пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жолданады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ ресми ақпараттар көзі мен көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша
Нысан
«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 мамырдағы № 42 бұйрығына 3-қосымша
«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығымен бекітілген «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 11146) (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысы: шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті Стандарттың 9-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтығы:
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында келіп түскен күні тіркеу;
2) келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бөлімше қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) анықтайды;
3) орындаушы қызмет алушы өтінішті (ұсынысты) енгізген сәттен бастап 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде қарайды, құжаттар толық болмаған жағдайда 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті алушының бөлімше қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті (ұсынысты) енгізген уақыттан бастап жиырма жұмыс күні мерзімінде өтінішті (ұсынысты) қарауы;
5) басшының мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысына қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күн мерзімінде;
6) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын жолдау немесе беру қазақстандық шағын кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізге) және ішкі суларына шығуы жоспарланған учаскеде қол қойылған күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) қорытындысы келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болып табылады:
1) тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны анықтау;
3) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларының жобасын жасау;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің жобасына қол қою;
5) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хат немесе хат-хабар алысу тізілімінде мемлекеттік қызмет көрсету қотырындыларын алғандығы туралы белгі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері;
2) бөлім (бөлімше, топ) басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы);
3) орындаушы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері құжат келіп түскен күні алған құжаттардың тіркелуін жүргізеді және бөлімше басшысына қарауға тапсырады, бұл ретте ол келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, өтінішке тіркеу мөртабанын қояды;
2) бөлімше басшысы құжат келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;
3) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін (ұсынысын) қарастырады, мемлекеттік қызмет көрсету қотырындыларының жобасын құрады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларының жобасын құрған күні мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларына қол қояды;
5) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары қол қойылған күні көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкерімен қолма-қол немесе пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жолданады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында, сондай-ақ ресми ақпараттар көзі мен көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (
суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша
Нысан
«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың
Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11504 болып енгізілді.